Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ТУҒАН ЖЕРДЕ ӨТКЕН АУЫЛ ТОЙЫ

ТУҒАН ЖЕРДЕ ӨТКЕН АУЫЛ ТОЙЫ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Талап ауылының тұрғындарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Осы өңірде туып-өскен елдің тумалары жан-жақтан жиналып, демеушілік көрсетіп, ауыл тойының ойдағыдай өтуіне өлшеусіз үлес қосты. Ел абыройын асырып, мерейін үстем етіп жүрген ел азаматтарының арқасында ауылда дүбірлі той өтті. Бұл ақ дастархан басына 300 адам шақырылған ерекше мереке күні болды.

Той-думан қазақ халқының қара домбырасында шертілген Үкілі Ыбырайдың күйлерімен басталды. Аталған мерекеде ұлттық көкпар, ат жарыс және тағы басқа ұлттық ойындарымен жалғасын тапты. Көкпарда Елтай ауылынан келген сері жігіттер бас жүлдеге ие болды. Екінші және үшінші орындарды Талап және Мәдениет ауылдары иеленді. Ал ат жарыста өз ауылымыздың шабандоздары жеңіске жетті. Нөсер жауынға қарамай ойыншылар бар күш жігерін салып, ойынға беріліп, нағыз қазақылықты танытты.

«Бала-адамның бауыр еті» демекші, ауылымыздағы кішкентай бүлдіршіндер де назардан тыс қалмады. Олар үшін елімізде алтыбақан орнатылып, түрлі сайыстар өткізілді. Сайысқа қатысқан барлық бүлдіршіндерге мектеп жабдықтарын сыйға тартып, балалардың езулеріне күлкі ғана сыйлап қоймай, ұмытылмас әсер қалдырды.

Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқанымыз үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған «Рухани жаңғыру бағдарламасы» арқасында екендігіне дау жоқ.

басқа жаңалықтар