Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ТІЛДЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТІЛДЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Әр халықтың ең басты байлығы ол ана тілі. Ол әр халықтың тарихтан тамыр тартар дәстүрі мен мәдениетін сабақтастырған ұлттық коды, елдің жаны, күретамыр өзегі. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі болып жарияланғанына да біршама уақыт өтті. Тарихқа көз жүгіртсек, 1989 жылы дәл осы күні елімізде алғаш рет «Тілдер туралы» Заң қабылданған болатын.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазіргі таңда Ұлы дала елінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр және әрқайсының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Әр ұлттың өз ана тілінде сөйлеп, өмір сүруіне барлық жағдай да жасалған. Яғни, әр ұлттың тіл, салт-дәстүрі сияқты айрықша құндылықтарына жоғарғы деңгейде құрмет білдіріледі. 19 қыркүйек күні осы аталған мерекеге орайластырылып аудандық балалар өнер мектебінде салтанатты шара болып өтті. Мерекелік шараға ауылдық округтерден келген делегация мүшелері, этномәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, колледж студенттері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әміржанов жиналған көпшілікті тілдер мерекесімен құттықтап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көзделген қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру мәселесі – болашаққа батыл қадам жасап, елімізді әлемге танытудың бір жолы және тіліміздің болашағы үшін жасалған маңызды бастама екендігіне ерекше тоқталып өтті. 
Бұл күні тілдерді дамытуға және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін Тайынша ауданы әкімінің Алғыс хатымен Тайынша қаласы №5 орта мектебінің орыс тілі және әдебиет мұғалімі Мұхамеджанова Айжан Жанабылқызы, Қарағаш орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Гүлнар Хасенқызы, Тайынша қаласы №5 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Құлышпаева Әлия Ермекқызы, Келлер орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Каппасова Раиса Юзеповна марапатталды. 
Сондай-ақ, жерлесіміз, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай мерекелік төс белгісімен - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдер жөніндегі бас маманы Зәуреш Маманова, аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Самат Нықышев, Теңдік орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Марал Балтагереева, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Сәуле Байқадамова, Теңдік мектебінің түлегі Секел Жанарбек марапатталды. 
Фестиваль аясында балалар өнер мектебі аумағында этномәдени орталықтардың қолөнер туындылары қойылған қалашық ұйымдастырылды.

басқа жаңалықтар