Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ОЛ ҰРПАҚТАРЫНА МӘҢГІЛІК ІЗ ҚАЛДЫРДЫ

ОЛ ҰРПАҚТАРЫНА МӘҢГІЛІК ІЗ ҚАЛДЫРДЫ

Шілденің 25 жұлдызында аудандық кітапханада Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті. «Нұр Отан» партиясының Тайынша аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – ақынның шығармашылық жолын оқырманға жан – жақты таныстырып, ақын өмірінен мағлұматтар алу.

Кеш барысында ақынның өлең – жырлары, сол кездегі өмір көріністері мен оның өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін ақпараттар айтылды. Адамгершілік пен дін үшін күресіп, әділетсіздікті сынаған ақын өз заманында айтыстарға жиі қатысып тапқыр да шешен, от ауызды, орақ тілді өнерімен көріне білген ақын өмірі жайлы көптеген деректер айтылды. Ақын Ш.Құдайбердиев шынымен де шыншыл ақын Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілді қабылданады.

Кештің негізгі ұйымдастырушы ретінде « НұрОтан» папртиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.М.Бекшенов ақынның шығармашылығына тоқталып, тақырыптық, тапқырлық дәрежесін, ойшылдық өрнегін, өнеге – нақылын тілге тиек етті. Кеш барысында жиналғандар кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Ол ұрпақтарына мәңгілік із қалдырды» атты кітап көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, ақынның шығармашылығы жайындағы бейне-клип те кештің ажарын аша түсті.

басқа жаңалықтар