Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

АЙЫРТАУ ЖЕРIНДЕ ӨТКЕН ҰЛЫ ТОЙ АҚАН СЕРIНIҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ

АЙЫРТАУ ЖЕРIНДЕ ӨТКЕН ҰЛЫ ТОЙ  АҚАН СЕРIНIҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ

Айыртау жері табиғаты көркем, Ақан серінің Құлагерінің ізі қалған киелі топырақ. Осы қасиетті топырақтан нәр алып, серілік қуып, ақын атанған Ақан серінің 175 жылдық мерейтойы мен осы ауданның құрылғанына 90 жылдық тойы ерекше аталып өтті. Мерекелік іс-шара қарсаңында, ауданда республикалық ақындар айтысы, шығармашылық байқаулар да ұйымдастырылған.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысындағы тағылымы мол тарихи құндылықтары сақталған жер – осы Айыртау өңірі.

Осы мерейтойдың сәнін келтірген, кез-келген аламан жарыстың қызығы – бәйге болды. Жиырма шақырымға шапқан аттар бірінен бірі асқан сәйгүліктер. Бірінші болып, мәреге шабандоз Роман Ковалевтың мінген аты, яғни жерлесіміз Мақсат Азбаевтың баптаған «Фаворит» сәйгүлігі болды. Жеңіс қорытындысы бойынша бас жүлдеге тігілген «Лада Гранта» автокөлігінің иегері атанды.

Айыртау жерінде өткен тойда балуандар сайысы да көпшіліктің көңілінен шықты. Тілге тиек етер жаңалық – балуандар сайысының бас жүлдесі Тайыншалық Рүстем Жұмаевқа бұйырды. Бірнеше рет «Қызылжар барысы» атанып республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде облыс намысын қорғаған 130 кг салмақты балуан соңғы ақтық сында айыртаулық Санжар Бейсембаевтың жауырынын жерге тигізген ол жарыстың түйе балуаны атанды. Айыртау жерінде өткен тойда тайыншалықтар жеңіс тұғырынан көрініп, елге олжалы қайтты. Туған елді, жерді құрметтеуге үндейтін, салты мен дәстүрін сақтауға ынталандыратын осындай мерекелік іс-шаралар әр аудандарда да жалғасын табады деген сенімдеміз.

басқа жаңалықтар