Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ТАЙЫНШАДА БИДАЙДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТАЙЫНШАДА БИДАЙДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Тамыздың 11 жұлдызында Тайынша ауданындағы «Биохим» зауыты қайта іске қосылды. Өнідіріс орны бұған дейін шығынға батып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ал енді жаңа инвесторлардың арқасында кәсіпорын бидайды терең өңдеуді және биоэталон өндіруді жолға қоймақ. Кәсіпорынды облыс әкімі Құмар Ақсақалов және ауыл шаруашылығы вице министрі Берік Бейсенғалиев салтанатты түрде іске қосты.Сөйтіп, Тайынша қаласында «Bio Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын бастады.

Бірегей кәсіпорын өңір экономикасының дамуына қуатты серпін бермек. Зауытта шамамен қазақстандық 400 маман жұмыс істейтін болады. Осылайша Тайынша ауданының қазынасына жыл сайын салық түрінде 100 млн теңге түсіп отырады. Кәсіпорын тек жергілікті шикізатты қолданбақ. 

 Солтүстік Қазақстан облысының  Құмар Ақсақалов кәсіпорынның ашылу салтанатында:
-Бұрын біз кликовина мен крахмалды басқа мемлекеттерден импорт арқылы алып жүруші едік. Енді крахмалды да глютенді де өзіміз экспорттап бүткіл елдің қажеттілігін 100 процентке жабатын болды. Бүгінгі күні 400 жаңа жұмыс орны ашылды. Инсвесторлар 5,5 млрд теңге құйып енді келесі этап ол биэтанол шығару, инвестрлерден тағы 6 млрд шығаратын боламыз, - деді. 

Бидайды терең өңдейтін, түрлі тыңайтқыштар мен жемазық өндіретін қуатты кәсіпорынды қайта іске қосу үшін отандық инвесторлар қаржы құйды. Мұны үлкен жетістікке балауға әбден болады. Өйткені еліміздегі көптеген өндіріс орындарын шетелдік инвестрлар қаржыландырады. 

 Ауыл шаруашылығы ваице – министрі Берік Бейсенғалиев  экспорт көлемін ұлғайтуда осы  кәсіпорынның атқаратын рөлі ерекше екенін айтты.

 Бидайды терең өңдеу - өндірістің болашағы бар бағыттарының бірі, ал крахмал мен құрғақ кілегей экспорт нарығындағы үлкен сұранысқа ие. Зауыт жылына 200 мың тонна бидай өңдеуге қауқарлы. Сондықтан да жақын болашақта өнімдеріміз әлемдік нарыққа шығуы әбден мүмкін деген сенімдеміз. 

 «BIOOPERATIONS» ЖШС – нің Бас директоры Сәбит Ахметов \ суретте\
- Біз бұл зауытты үш этапқа бөліп жүргізіп жатырмыз. Қазіргі кезде біз өзіміздің өнімімізді 19 мың тонна крахмалға үлкейтуг жоспарлап отырмыз, енді алда жоспарлар өте көп.Оған енді барлық күштеріміз дайын, құралдарымыз дайын, адамдарымыз дайын,- деді

Ал зауыттың орталық зертханасында 20 адам еңбек етеді. Мұнда сағат сайын өнімдердің сапасы тексеріледі. Сондай – ақ әр өнімге 10 анализден жасалады. Кәсіпкерлер келер жылы экологиялық таза өнім шығаруды көздеп отыр.

басқа жаңалықтар