Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ӨҢІРІМІЗГЕ САПАРЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ӨҢІРІМІЗГЕ САПАРЫ

5 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария етті. Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, елдің ағымдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдай отырып халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру шараларын айқындап берді.Жалпы жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын талқылап, тұрғындарға түсіндіру және одан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын қарастыру мақсатында Тайынша өңіріне Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаттары П.А.Шарапаев пен А.П.Рау келді. Халық қалаулылары ауданымыздың Мироновка ауылдық округі және Амандық ауылдық округіне қарасты Ильичевка ауылында болып жергілікті халықпен кездесті. Сонымен қатар, халық қалаулылары Ильичевка ауылындағы «Тайынша Май» зауытының да жағдайымен танысты.

Жолдауда көрсетілген барлық басымдық миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыратыны сөзсіз. Ал бұл - әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды көздейтін Қазақстан үшін басты талаптардың бірі. Және Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тарихи құжат деді П.А.Рау. Сондай-ақ, Жолдаудағы міндеттерді іске асыруға әр қазақстандық атсалысуы тиіс екенін айтты.
Келесі болып сөз алған Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаты П.А.Шарапаев – Елбасымыздың Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселесіне арналғанын өздеріңіз білесіздер. Енді біздің мақсатымыз - Елбасының Жолдауында айтылған негізгі идеяларды, негізгі ұсыныстарды халыққа жеткізу, түсіндіру. Осы Елбасы Жолдауында берілген үлкен тапсырмаларды орындалу барысында қоғамдық бақылау жүргізуді біз қолға алуымыз керек деді.

басқа жаңалықтар