Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

БАҚ-тағы ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

БАҚ-тағы ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Бүгінгі таңда «діни экстремизм» мен «терроризм» сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

Осыған орай БАҚ саласындағы қызметкерлерді ақпараттандыру мақсатында Қызылжар қаласында БАҚ-тағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелерін жарықтандыру тактикасы тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.Ж. Жаңбырбаева, СҚО Дін істері басқармасының бастығы М.Б.Зейнуллин, Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А.Е.Хабибулин, ҚР ДСМ ҚСО Діни бірлестіктерді зерттеу бөлімінің бастығы Г.Н.Новикова, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ақпараттық бөлімінің бастығы Д.Есенова, «Дінаралық этносаралық қатынастарды зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.К.Сулейменова және «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы З.М.Нокарбекова жиналғандарға ақпараттық танымдық дәріс оқыды.

Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Сондай-ақ, ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады.

Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Бұл бағытта, заңдар қайта қаралып, толықтырылды, арнаулы орталықтар құрылды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Алайда, діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез-келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрдің ислам  шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ.

басқа жаңалықтар